{metadescription}
Дипломаттар да ПТР-тест тапсыруға міндеттелуі мүмкін
Дипломаттар да ПТР-тест тапсыруға міндеттелуі мүмкін

Дипломаттар да ПТР-тест тапсыруға міндеттелуі мүмкін

Ерекше жеңілдіктерінен айырылуы мүмкін. Нұр-Сұлтанға ұшып келген Қазақстандағы Ресей елшілігінің қызметкерінен covid-19 анықталды. Ол Ресейден ұшарда ПТР сынама тапсырмаған. Енді астанада 2 апталық карантинде ем қабылдап жатыр. Санитарлық талапқа сәйкес елшілер, басқа да саяси қызметкерлер қолдарында ПТР анықтамасы болмаса да, ұшаққа отыра беруге болады екен. 

Ресейден елшілік қызметкерімен бірге 250 жолаушы бірге келген. Соның 245-де теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болған. Ал 18 жолаушы covid-19 жұқтырған елшілік қызметкерімен қарым-қатынаста болыпты. Енді олардың барлығы медициналық бақылауда. Ал Ресей елшілігінің қызметкері 2 апталық карантинде ем алып жатыр. Айта кету керек, наурыз айынан бері дипломатиялық миссиясымен емін-еркін шекара асып-келіп жүрген мамандардың елге вирус әкелуі алғаш рет тіркеліп отыр. Елшілік қызметкерлерінен және басқа да дипломаттардан ұшаққа отырарда ПТР анықтама талап етілмейді. Олар келген қаласында екі күн ішінде сынама тапсырса жетіп жатыр. Бірақ мына жайттан кейін дипмиссия өкілдері бұл мүмкіндіктен айырылуы мүмкін.

Сәдуақас Байғабылов, Көліктегі бас санитар дәрігер:

- Осы жағдайды ескере отырып, шетелден келетін елшілердің, басқа да саяси қызметкерлердің пандемия уақытындағы жүріп-тұру ережелеріне өзгеріс енгізілуі мүмкін. Яғни межелі жеріне ұшпас бұрын ПТР сынама тапсыру жағы қарастырылады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде