Тенгри банктің топ-менеджерлері 5,4 млрд теңгені жымқырған
Қалтаға басты ма, әлде шетел асты ма? Атышулы Тенгри банктен 5,4 млрд теңге ұрланғаны белгілі болды. Оны жымқырды деген күдіктілердің тізімінде басқарма төрағасының экс-орынбасары Бахтияр Ілиясов пен Алматы қаласы филиалы директорының бұрынғы орынбасары Әсет Жадықов бар.
Автор: Асқарбек Қазанғап
13.11.2020
Екеуінен бөлек банктің тағы бір қызметкері Жылқыбаева да сыбайласқан қылмыстық істегі басты фигурант. 9-шы қарашада Алматы қаласының соты оларды 2 айға дейін қамауда ұстауға санкция берген болатын. Араға төрт күн салып күдіктілердің қандай қылмысқа қатысы барын жариялап отыр. Айта кетейік, акциялары үндістандық Panjab банкіне тиесілі «Тенгри банк» қыркүйек айында банкрот деп танылды. Өйткен, қаржылық жағдайды реттеуге бірнеше рет уақыт берілгенімен, банк оны сол күй пайдаланған жоқ.
Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:
- Тенгри банк АҚ бұрынғы басшыларына қатысты ҚР ҚК 189 бабы, 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қылмыстық іс шеңберінде аталған банктің 5 миллиардтан аса ақшасы жымқырылған дерегі тексерілуде. Басқа да ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!