{metadescription}
«Жақыным алыс» телехикая көрерменге жол тартты
«Жақыным алыс» телехикая көрерменге жол тартты

«Жақыным алыс» телехикая көрерменге жол тартты

КТК-ның тағы бір тың туындысы! «Жақыным алыс» телехикаясы бүгіннен бастап біздің арнадан көрсетіле бастады. Картина Әсел есімді бойжеткеннің шиеленіске толы өмірін суреттейді. Сондай-ақ, сериалда қоғамның өзге де өзекті мәселелері қозғалады. 12 бөлімнен тұратын телехикаяны дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 17:00-де арнамыздан тамашалауды ұмытпаңыздар.

Оттама, қатын! Сөйлеме. Өшір үніңді. Маған қалай-қалай сөйлеп тұрсың сен?! Есіңде болсын, біреудің баласы сендерге ешқашан да бала болмайды.

Телехикая психолог мамандығын оқитын Әсел есімді қыздың тағдыры жайында. Бүгінге дейін туған әке-шешем деп келген кісілердің тек қана асыраушысы екенін білу ол үшін ауыр соққы болды. Енді бойжеткен бар шындықтың жай-жапсарын анықтамақ. Алайда ешкімге тіс жармастан. Нағыз шым-шытырық дәл осы кезде басталады. Шығармашылық ұжым қоғамдағы әлеуметтік мәселені тереңірек көрсетуге тырыстық дейді.

Мира Добрынина, продюсер: 

- Оқиға өте қызықты. Кез-келген адамды бей-жай қалдырмайтынына сенімдіміз. Әсерлі шығу үшін барлығын шынайы өмірмен байланыстыра отырып жеткізуге тырыстық. Сондай-ақ, түсірілім бір ғана қалада өтті. Алматы мегаполис болғандықтан мүмкіндік те мол. Сол үшін шаһардың да, ауылдың да өмірін көрсету қиынға соқпады. 

Сериалға кейіпкерлерді таңдауда еліміздің басқа өңіріндегі театрлардан да жас әртістер тартылыпты. Кастинг карантинге байланысты онлайн өткен. Туындыда Әсел өз өміріндегі шиеленістен бөлек, құрбысының да қиындығын шешуге көмектеседі. Сондай-ақ, махаббат хикаясы да тағы бар. Жалпы картинада отбасылық құндылық, әлеуметтік теңсіздік мәселелері қамтылған.

Қанат Арқабаев, актер:

- Бұл сериалда өте бір қажет тақырып қозғалады. Сол тақырыпты біз де көрсете алдық деп ойлаймын. Ол зорлық-зомбылық, қол көтеру деген сияқты. Мен статистиканы оқығанымда 2015 жылдан бастап, қазір қыз-келіншектерде қол көтеру 90 пайызға артыпты. Және карантин уақытында да ондай жағдайлар өте көп.

Бойжеткен өзінің өгей қыз екенін қалай қабылдайды? Шындықты толық біле ала ма? Соңында мақсатына жете ме? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын 12 бөлімді жаңа телехикаядан таба аласыздар. Сериал дүйсенбі мен жұма аралығында КТК арнасынан 17:00-де көрсетіледі. Сондай-ақ, ютуб-арнамыздан да тамашалауға мүмкіндік бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде