Аудандық ауруханаға 4 миллиард теңге жұмсалмақ
Алматы облысында Талғар аудандық орталық ауруханасы сенімгерлік басқаруға берілді. Бірақ тендерде жеңімпаз атанған компанияның медициналық мекемені болашақта сатып алуға құқығы жоқ.
Автор: Мақсат Мәлік
16.11.2020
Азамат Доланбаев, «A-Class Medical» ЖШС бас директоры:
- Сатып алу құқығы жоқ, тек қана сенімгерлік басқару. Осыны баса айтқым келеді. Бұл 15 жылға беріліп отыр. Көрсетілген уақыт аралығында өзіміздің бизнес жоспарымыз бар. Онда барлығы тайға таңба басқандай жазылған. Құрылыс жұмыстары, мамандардың біліктілігін арттыру секілді бағыттар сол жоспарымызға енген.
Жекеменшік компания өкілдері 15 жыл ішінде 4 миллиард теңге қаржы жұмсамақ. Оның ішінде 1 жарым миллиард теңге елді мекендерде дәрігерлік амбулаторияны жаңғыртуға бөлінеді. Себебі көп ауылда дәрігерлер отыратын аядай жерлер санитарлық талаптарға сай емес. Тіпті, аудандық орталық аурухананың 1 миллиард теңгеге жуық қарызы бар. Компания тарапы енді түрлі талдау жұмыстарынан соң нақты іске кірісеміз дейді. Ал тұрғындар тарапынан кейбір түсінбеушілік барын жасырмаған серіктестік басшылығы алда халықпен талай жиындар жүргізіп, сапаны арттыру бағытында жұмыс істейтінін айтады. Ауруханадағы қызметкерлер құрамын да өзгертпейміз деген олар, шетелдік мамандар әкеліп дәрігерлердің біліктілігін арттырмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!