Өскемен емес Өкемен! Қала атауын қате жазған кім?
Өскемен емес, енді Өкемен. Шығыс Қазақстан облысының билігі шаһар атын қазақшалаймыз деп әбден ұятқа қалды.
Автор: Ұлан Нұрахмет
16.11.2020
Өйткені шаһардан шыға берістегі тас жолға үлкен әріптермен Өскемен деген жазуы бар тұғыр орнатқан. Алайда оны жазғандар «С» әрпін тасада қалдырып Өкемен деген қате күйінде қойыпты. Көзге бірден көрінетін сауатсыз жазудың тұрғанына екі аптаға жуық уақыт өтседе өңір билігі үнсіз. Тіпті мұны кімнің жазғаны да тапсырыс беруші де белгісіз. Бар болғаны жеті әріптен тұратын қала атауын қатесіз жаза алмаған атқамінерлер біріне-бірі сілтеп қандай да бір түсінік беруден де бас тартып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!