{metadescription}
Елдің есін алған елес. Ханкөл ауылының тұрғындары түнде жол жүруден шошып қалған
Елдің есін алған елес. Ханкөл ауылының тұрғындары түнде жол жүруден шошып қалған

Елдің есін алған елес. Ханкөл ауылының тұрғындары түнде жол жүруден шошып қалған

Елестің бар жоғын енді облыс әкімінің өзі анықтауға кірісті. Батыс Қазақстан облысының басшысы Ғани Есқалиев Ханкөл ауылына полицейлерді жіберіп, ондағы ахуалды арнайы тексеруге тапсырма берді.

Ғали Есқалиев, БҚО әкімі:

- Маған құқық қорғау органдары күнде мәлімет беріп отырады. Ал елес туралы ақпарат оның арасында жоқ. Демек, бұл жалған ақпарат немесе біреудің әзілі болуы мүмкін. Дегенмен мәселенің мән-жайын анықтауды тапсырдым.

Әлеуметтік желіде қызу талқыланған осы видео. Әкімнің өзі оған сенбесе де, жұрттың күмәнін сейілту үшін елді мекенге тәртіп сақшыларын жібермек. Олар жұртпен тілдесіп, жағдайды зерделеуі керек. Еске салсақ, бұған дейін Ханкөл ауылының тұрғындары ақ киімді, әйел бейнесіндегі елесті жол жиегінен жиі көретінін айтқан еді. Ол көліктердің терезесін қағып біраз адамды қорқытса керек. Бұл әңгіме тез тарап, бүкіл аудан халқы үйлерінен шыға алмай қалған. Тіпті бұдан кейін тұрғындары бастап, әкімі мен имамы қостап, бәле-жаладан құтылу үшін мал сойып құрбандық шалынған еді. Расымен елес бар ма, әлде бұл қылжақпастардың әзілі ме, енді ол жағын ауылға келген полицейлер анықтауы тиіс.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде