Ақтауда туристер ең көп жүретін жерде жартас опырылып түсті
Ақтауда туристер үшін ең қауіпсіз орын болып саналатын «Жартасты соқпақ» бір түнде тас талқан болды. Күн сайын мыңдаған демалушы жүріп өтетін нысан осыдан екі жыл бұрын ғана қайта жөнделгенімен, осы уақытқа дейін қауіпсіздік сараптамасынан өтпеген екен. Ал бір жылда бұл жерде осымен 4-ші рет алып тас опырылып түсті.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
16.11.2020
Бұл жықпылды жартас табиғат қолымен қаланған жабайы бұрыш. Биігіне шықсаң төңіректің бәрі алақандағыдай көрінеді. Осы көрікті жерге 2018 жылы туристер жүретін көпір салынған. Сол жартасты соқпақ атанған нысанға жоғарыдан алып тас құлап, қолдан жасалған жолдың бір түнде астан кестеңі шықты. Оқиға өткен демалыс күні болған. Әйтеуір, зардап шеккен адам жоқ. Нысан уақытша жабылды. Бір айтары, жартастың етегіне көпір салғанда қауіпсіздікке бас қатырған жан болмапты. Қазір прокуратура Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне нысан құрылысының қаншалықты заңды екенін анықтау үшін сұрау салған. Ал әкімдік құрылыстағы ескертулерді орындамаған мердігерден нысанды балансқа алмай келген.
Серік Ғұсман, Ақтау қаласы әкімінің орынбасары:
- Авторлық қадағалау жобасында бекітілген мекеме тарапынан мердігерге ұсынылған ескертпелерді жою туралы ұсыныс болған. 19-дан бері тапсыру керек еді. Бірақ енді оқыс жағдайға байланысты әкімшіліктің ұсынысы мемлекеттік коммуналдық балансқа өткенге дейін жаңағы айтқан сараптаманы алып тапсыру қажет.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!