{metadescription}
Басқа пәле тілден. «Қазақстанда бәрі сатылады» деп тікелей эфирде жар салған волейболшы жарыстан шеттетілді
Басқа пәле тілден. «Қазақстанда бәрі сатылады» деп тікелей эфирде жар салған волейболшы жарыстан шеттетілді

Басқа пәле тілден. «Қазақстанда бәрі сатылады» деп тікелей эфирде жар салған волейболшы жарыстан шеттетілді

«Қазақстанда бәрі сатылады!» Волейболшы Алеся Сафронова осы бір ауыз сөзі үшін чемпионат аяғына дейін жарыстан шеттетілді. «Жетісу» клубының ойыншысы «Алтай» құрамасына қарсы өткен ойынның үзілісінде тікелей эфирде іштегі кіжілін кенеттен шығарған болатын.

Волейбол федерациясы Сафронованың бұл сөзі үшін басынан сипамады. Төрешілер алқасы әйелдер арасында волейболдан өтіп жатқан 29-шы чемпионаттың аяғына дейін Сафронованы жарыстан шеттету туралы шешім қабылдады. Бірақ, санкция мұнымен шектелмеуі мүмкін. Федерация жарыс аяқталғасын, спортшының мәселесі спорттық комиссияның күн тәртібінде көтерілетінін жеткізді. Ал, Сафронованың өзі тікелей эфирде айтқан түйдек сөзін ашумен айттым деп түсіндірді.

Ермек Сырлыбаев, ҚР Волейбол федерациясының бас хатшысы:

- Алдымен, ол Федерацияда бірнәрсе сатылатынын дәлелдесін. Оның дәлелі бар ма? Бұл негізі сотта қаралатын жағдай. Бізде ең әділ төрешілер. Біздің арбитрлардың әлемде рейтингі жоғары. Қандай жағдай болмасын адам өзін қадағалап, айтқан сөзіне жауап беруі керек!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде