Covid-19: Ауру асқынып барады
Соңғы тәулікте коронавирустық пневмония тағы 2 науқастың өмірін жалмады. Ал еліміздегі Covid-19-ға шалдыққандар саны 588 адамға өсті. Олардың басым бөлігі тағы да Шығыс Қазақстан облысында тіркелген. Яғни мұнда бір күннің ішінде 197 адам Сovid-19 жұқтырыпты.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
16.11.2020
Ауру өсімі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы екінші орында. Мұнда бір күнде 57 науқастан індет анықталды. Павлодар мен Қостанай облыстарындағы ахуал да жақсарар емес. Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысында да тәулік ішінде 40-тан аса адам вируспен тіркелген. Бір жақсысы, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен Шымкент қаласында тәулік ішінде бірде-бір адам коронавирус жұқтырмапты. Ал коронавирустық пневмонияға ел бойынша тағы 48 адам шалдығып, қос науқас осы індеттен бақилық болған. Осылайша, өкпе қабынуынан қаза тапқандар саны 420-ға, коронавирус құрбандары 1899-ға жетіп отыр. Ал осыған дейін Covid-19-ға шалдыққандардың жалпы саны 121 мыңнан асса, пневмония жұқтырғандар 40 мың 197 болды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!