Хромтауда газ баллоны жарылып, бір отбасы түгел зардап шекті
Ақтөбе облысында дәрігерлер газ баллонының жарылуынан зардап шеккен бес тұрғынды аман алып қалу үшін күресіп жатыр. Олардың барлығы күйіп қалған. Беті бері қараса, Хромтау аудандық ауруханасынан облыс орталығына жеткіземіз дейді ақ халаттылар.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.11.2020
Рүстем Исаев, Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:
- Үш адам реанимацияда жатыр. Он жасар бала бар.Енді жарақат алғаны денесінде, аяқ-қолдарында күйік орындары бар. 35-40 процент. Ең үлкені жаңағы 63-ші жылғы азамат. Сол Хромтау тұрғынында 80 процентке дейін.
Хромтаудағы жарылыс болған үйдің дымы қалмаған. Төбесі опырылып ортасына түсіпті. Осыдан бірер күн бұрын ғана үй иелері кішкентайлы болып, шілдеханаға дайындалып жатқан екен. Жарылыс кезінде үйде бала-шағамен қосқанда тоғыз адам болған. Олардың төртеуі дін аман. Арасында жарық дүние есігін енді ашқан шақалақ та бар. Ал қалған бес адамның үшеуінің өміріне дәрігерлер алаңдаулы. Ертеңге дейін жағдайлары жақсармаса, Ақтөбедегі облыстық ауруханаға жеткізетінн айтады. Ал күйіп қалған тағы екі әйел сол Хромтаудағы аурухананың хирургия бөлімінде. Олардың жағдайы жақсы. Ал газ баллоны аяздан жылы жерге әкелгенде жарылуы мүмкін.
Нұрхат Қалдыбаев, Ақтөбе олыстық ТЖД өрт қауіпсіздігін бақылау басқармасы басшысының орынбасары:
- Далада күн салқын. Суықтан үйге кіргізген. Қысымға шыдамаған суықтан жылыға келген кезде. Содан шығуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!