Бүлдіршінді ит талап өлтірді
Cәтбаев қаласында алты жасар қызды қаңғыбас иттер талап өлтірді. Жануарлар көшеде қараусыз, жалғыз ойнап жүрген бүлдіршіннің денесін тістелеп тастаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
16.11.2020
Адам шошырлық бұл оқиға Сәтбаевтың шетіндегі саяжайлардың бірінде болды. Баланы анасы демалыс күндері сондағы таныс кемпірге тастап кеткен. Зейнеткер бүлдіршін күні бойы далада ойнап жүр деп еш алаңдамапты. Қаңғыбасс иттер оны талап, әбден жұлмалап тастапты. 27 жастағы анасы болса бұрыннан полицейлердің тіркеуінде тұр екен. Баласын бақпай, азаматтық некедегі жолдасымен қаңғып жүретін кезі көп. Сондықтан шетінеген қыздан бөлек, кішкентай екі баласын тәртіп сақшылары бейімдеу орталығына алып кетті.
Бақытжан Құдияров, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:
- Қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Полиция қызметкерлері мен ит аулайтын ветеринарлық қызметке ұйғарым жіберілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!