Елімізде 8 есірткі зертханасы жойылды
Елімізде 8 бірдей есірткі зертханасының көзі жойылды. Ұлттық қауіпсіздік комитеті жүргізген ауқымды операция кезінде трансұлттық қылмыстық топ әрекетінің жолы кесіліп, ірі көлемде психотроптық зат тәркіленген. Ауқымды операция биылғы сәуір-қазан айлары аралығында өткен.
Автор: Ербол Тұрымбет
16.11.2020
Қылмыстық топ өкілдері синтетикалық заттарды шетелден әкеліп, одан есірткі жасап, «Борат24» интернет-дүкені арқылы сатып отырған. Қазір ол сайт жабылды. Ал осы тірлікке қатысы бар 34 адам ұсталған. Олардың Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкентке контрабандалық жолмен әкелген 40 келі психотроптық заты да тәркіленді. Қара нарықтағы бағасы 600 миллион теңгеден кем түспейді екен. Олар есірткі сатудан түскен ақшасын заңдастыру үшін криптовалюта айырбастаушылардың қызметіне жүгінген. Яғни, «биткоиндар» сатып алып, сол арқылы ақшаны шетелге шығармақ болған. Бірақ олардың да жолы кесілді. Есірткіден түскен ақшаны заңдастыру үшін жасалған 6 жылжымалы «майнинг ферма» анықталған. 2018 жылдан бері осындай жолмен 2 жарым миллиард теңгеден астам қаражатты заңдастырып үлгерген екен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!