{metadescription}
«Жақыным алыс» телехикаясы күн сайын көрсетіледі
«Жақыным алыс» телехикаясы күн сайын көрсетіледі

«Жақыным алыс» телехикаясы күн сайын көрсетіледі

Жақыны жатқа айналған! КТК арнасы осы дүйсенбіден су жаңа «Жақыным алыс» телехикаясын көрсете бастады. Туындының басты кейіпкері - жиырма жастағы Әсел есімді бойжеткен. Оның бейқам да бірқалыпты өмірі бір сәтте өзгеріп шыға келеді.

- Қызым, сен бізді кешірші! Әкең екеуміз осы жағдайды айтайық деп, қанша оқталдық. Бірақ дәтіміз жетпеді. Мен өзім бала туа алмадым.

Әсел аяқ астынан өзінің асырап алынған қыз екенін құлағы шалады. Сөйтіп, туған ата-анасын үнсіз іздей бастайды. Байқауынша, байдың баласы болуы әбден мүмкін. Нақты көзін жеткізу мақсатында сол отбасыға қызметші болып жұмысқа орналасады. Алайда бойжеткенді ол жақта тағы бір жаңалық күтіп тұрады. Яғни сүйген жігіті сол үйдің баласы. Ет-жақындарын анықтаймын деген қыздың арғы тағдыры қалай болмақ? Сүйіктісі туған ағасы болуы мүмкін бе? Бұл сұрақтардың жауабын арнамыз ұсынған жаңа сериалдан табасыздар. Телехикая дүйсенбі мен жұма аралығында 17:00-де көрсетіліп жатыр. Сондай-ақ, ютуб-арнамыздан да тамашалауға мүмкіндігініз бар екенін тағы да еске саламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.