Отар қой айдап жүрсе де, аң атып жеген қойшы ұсталды
Мал баққан ба, аң атқан ба? Жамбыл облысында алдында отар қой жүрсе де, тек жабайы аңның етін жейтін шопан ұсталды. Оның баспанасын тінту барысында сирек кездесетін қарақұйрықтың еті табылған.
Автор: Руслан Әбдіхалық
17.11.2020
Ол оны толық тауысып үлгермепті. Қалғанын өзі тұрып жатқан вагонның ешкім көрмейтін бөлігіне жасырған. Қойшының бұл қылмысы кездейсоқ әшкерленген. Негізі, полицейлер малшының қонысына тіркеуде жоқ ескі қару-жарақ іздеп келген екен. Бекер болмаған, 34 жастағы шопан тұратын вагоннан 5 аңшы мылтығы мен 1 жарым келіге жуық кептірілген марихуана тәркіленді. Енді күдікті есірткі сақтағаны әрі қызыл кітапқа енген аңды өлтіргені үшін 10 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!