{metadescription}
Жүздеген жетімге жанұя тауып берген жан енді өзі көмекке мұқтаж
Жүздеген жетімге жанұя тауып берген жан енді өзі көмекке мұқтаж

Жүздеген жетімге жанұя тауып берген жан енді өзі көмекке мұқтаж

Жүздеген жетімге жаңа жанұя тауып, ондаған баланың еміне қаржы жинаған жан аурудың алдында қауқарсыз!

Алматылық белгілі журналист әрі құқық қорғаушы Марианна Гурина қатерлі ісік дертімен күресіп жатыр. Ғасыр індетіне айналған диагноз әріптесімізге 2 апта бұрын ғана қойылған. Ісік әйелдің сол жақ сүт безінде пайда болыпты. Енді науқасты шұғыл түрде емдеу қажет.

2 апта бұрын қойылған диагноз Марианна мен жақындарының төбесінен жай түсіргендей болды. Өйткені ол бұған дейін «ауырдым» деген емес. Тек соңғы кездері тез шаршап қалатын болды дейді қызы. Мұны олар тығыз жұмыс кестесімен байланыстырған. Сол кезде де Марианна Шығыс Қазақстан облысында іссапармен жүрген екен. Кенет ауруханадан қоңырау шалып, шақыртыпты. Кейін дәрігердің өзі үйге келіп, диагнозын ажал үкіміндей жеткізген көрінеді.

Анастасия Назина, М. Гуринаның қызы:

- Дәрігер үйге келіп, жағдайдың нашар екенін айтты. Анамның бүкіл ағзасына метастаза тарап кеткенін жеткізді. Яғни қатерлі ісіктің төртінші сатысы деген диагноз қойды. Аурудың асқынғаны сонша, өкпесі мен бауыры зақымданған. Сондықтан оны Түркияда емдетуді ұсынды.

Содан бері бұл отбасы күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылды. Алайда бүгін еліміздің бас онкологының қабылдауында болып, кеуделерінде үміт оты жанғандай. Өйткені ол Марианнаны осында емдеуге болатынын жеткізіпті. Талайға қол ұшын созып үйренген журналистің өзі дендеген дерті туралы көпшіліктің білгенін қаламаған. Өйткені ол өзінен гөрі өзге науқастарды көбірек ойлайды.

Марианна Гурина, қоғам белсендісі:

- Маған ыңғайсыз. Өйткені қаншама ауру бала бар. Олар көмекке әлдеқайда мұқтаж. Әрқашан солардың жазылып кетуін тілеймін. 

Айта кетейік, Марианна Гурина КТК-да 16 жыл қызмет еткен. Арнамыздан көрсетілген «Дорога домой» бағдарламасының авторы. Әріптесіміз 400-ден астам жетім балаға жаңа жанұя тауып берді. Кейін қоғамдық қор ашып, аналардың құқығын қорғаумен айналысты. Ол әр адамның мәселесін өзінікіндей қабылдады. Осындай қатерлі дертпен күрескен балаларға қаржылай көмек те жинады. Жақсылық жасап үйренген жан қазір де тек жақсылыққа сенеді.

Марианна Гурина, қоғам белсендісі:

- Бәрі жақсы болатынына сенемін. Шынымды айтсам, мен онкологиялық ауруға шалдығамын деп ешқашан ойламаппын. Жаны ашып, қолдап жатқан адамдарға алғысым шексіз. Мен тірі қалуға тиіспін.

Енді ертеңнен бастап науқасқа химиотерапия жасалады. Қазақстанда жасалған ем-дом оң нәтиже берсе, бұлар қаржылай көмек жинауды тоқтатпақ. Сөйтіп, қайырымдылық жасап үйренген әйел жиналған ақшаны ауру балалардың еміне аудармақ ниетте.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде