{metadescription}
Жалған доллар жасап сатқан
Жалған доллар жасап сатқан

Жалған доллар жасап сатқан

Алматы тұрғыны аса ірі көлемдегі жалған АҚШ долларын өткізіп жүр деген күдікпен ұсталды. Қолға түскен азамат бақандай 800 мыңнан аса шетел валютасын айналымға шығармақ болған.

Осыншама жалған АҚШ долларын сақтап әрі өткізіп келген күдіктінің оны қайдан алғаны анықталып жатыр. Әзірге белгілісі құрықталған азамат бірнеше рет жалпы сомасы 300 мыңға жуық долларды сатып үлгерген. Алайда жедел іздестіру шарасын жүргізгендер күдіктінің үйіне барғанда «қуырдақтың көкесін» көріпті. Баспананы тінтігенде жалған 600 мың АҚШ ақшасы табылған. 

Жақсылық Мырзахан, Алматы қаласы Экономикалық тергеу департаментінің ресми өкілі:

- Бұл азаматқа қатысты ҚР қылмыстық кодексінің 231-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ ұсталған азаматқа қатысты соттың санкциясымен екі ай мерзімге дейін қамауға алу бұлтартпау шарасы қабылданды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.