Қазақстан Қырғыз еліне гуманитарлық көмек жөнелтеді
Қазақстан Қырғызстанға 2 миллион медициналық бетперде жөнелтпек. Оған қоса, 400 дана өкпені жасанды желдету құрылғысын жібереді. Көршілерге осындай гуманитарлық көмек беруді президент Қасым-Жомарт Тоқаев тапсырған.
Автор: Ербол Тұрымбет
17.11.2020
Коронавирус инфекцияcымен күрес аясында еліміздің Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетуі бірінші рет емес. Президент тапсырмасы бойынша Қырғызстан мен Тәжікстанға әрқайсына 5 мың тоннадан ұн жөнелтілетін болған. Ал Қазақстанның өзі осыған дейін бірнеше елден медициналық көмек алғанын айта кетейік. Оның ішінде АҚШ, Қытай, Германия, Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері мен Катар және тағы біраз ел мен халықаралық ұйымдар бар. Тіпті көрші Өзбекстаннан да 150 мың бетперде мен тағы сонша қолғап, 2 жарым мың қорғаныш киімі, мың термометр және 440 төсек-орын алғанбыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!