{metadescription}
Covid-19: Бір тәулікте 8 адам көз жұмды 
Covid-19: Бір тәулікте 8 адам көз жұмды 

Covid-19: Бір тәулікте 8 адам көз жұмды 

Ал коронавирус соңғы бір тәуліктің өзінде тағы 8 адамның өмірін жалмады. Оның біреуі коронавирустық пневмониядан көз жұмған. Қазір 220 науқастың жағдайы ауыр. Осылайша елімізде дендеген дерттен құрбан болғандардың жалпы саны 2 300-ден асты.

Жалпы COVID-19 бір тәулікте 602 адамнан анықталған. Ал, 23 науқастың қос өкпесі қабынғаны белгілі болды. Аймақ бойынша, Шығыс Қазақстан облысындағы жағдай әлі де жақсармай тұр. Мұнда бір түннің өзінде 221 адамның тест сынамасы оң нәтиже көрсетіпті. Солтүстік Қазақстан мен Қостанай облыстары екінші орында. Қос өңірде кеселге шалдыққан 60 адам тіркелген. Сөйтіп індеттің ілмегіне іліккендердің жалпы саны 122 мыңға жуықтады. Оның 110 мыңнан астамы сырқатты жеңіп шықты. Ал, коронавирустық пневмония жұқтырғандар 40 мыңнан асса, ауруынан айыққандар 30 мыңға таяу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде