{metadescription}
Covid-19: Тағы екі қала карантинге жабылды
Covid-19: Тағы екі қала карантинге жабылды

Covid-19: Тағы екі қала карантинге жабылды

Елімізде тағы екі қала карантинге жабылды. Ауру асқынып кеткен Қостанай мен Рудный қалаларына енді бір апта бойы кіріп-шығу қиындамақ.

Қостанай облысы бас санитарының қаулысына сай өңірдегі жабық спорттық- сауықтыру мекемелерінің қызметіне тыйым салынды. Сондай-ақ, бассейіндерді де пайдалануға болмайды. Ал, қоғамдық тамақтану орындарында бір дастарханда төрт адамнан артық отыруға рұқсат жоқ. Сонымен қатар, жол бойындағы дәмханалар тағамдарды тек жеткізіп беруіне ғана болады. Ал елді мекендер арасындағы автобус және такси қатынасы толық тоқтайды. Әзірге бұл шектеулар бір аптаға белгіленіп отыр. Егер жағдай тұрақталмаса тағы да ұзартылуы мүмкін. Ал кесел көбейген Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстары аурулардың санын жасыруға көшкен. Кеше бұл туралы президент те айтқан еді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін статистиканы қолдан жасағандар өз қателіктерін мойындады.

Әсет Жұматаев, Петропавол қалалық Санитарлық-бақылау басқармасының басшысы:

- Өсім бар. Өңірде сырттан келген 300 науқас анықталды. Олар басқа аймақтардан және шет елдерден келген. Статистикалық санақ кезінде қателік кеткенін мойындаймыз. Сондықтан президенттен сөгіс алып отырмыз. Қазіргі таңда бәрін анықтауға кірістік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде