{metadescription}
Кәсіпкерлер жаңа-жылдық корпоратив өткізуге рұқсат сұрауда
Кәсіпкерлер жаңа-жылдық корпоратив өткізуге рұқсат сұрауда

Кәсіпкерлер жаңа-жылдық корпоратив өткізуге рұқсат сұрауда

Алматыда жаңа жылдық корпоративтердің өту-өтпесі мейрамханалар мен ұйымдастырушылардың уайымына айналды. Әдетте ескі жылдың соңында табысын еселейтіндер енді не істерін білмей бастары қатып отыр. Қаланың бас санитар дәрігеріне базыналарын айтса, бәлкім рұқсат етер деген үміттері де бар.

Ал, жаңа жылдық мерекені тойлаудан күдерін үзбегендердің көбі қала сыртындағы коттеджерге қазірден тапсырыс беріп жатыр екен.

Әдетте желтоқсанның бел ортасынан босамайтын бұл мейрамханада биыл өлі тыныштық. Төрт жүз орындық сарай сауықшыл қауымын сағынғанымен, пайдадан қағылғанымен, карантинге амалсыз бағынған. Талапты сақтаса, шектен шықпаса кішігірім корпоратив өткізуге рұқсат берсе тарылған тыныс ашылар еді дейді мейрамхана иесі.

Асқар Әмірбек, мейрамхана иесі:

- Бізге жүз адамға дейін рұқсат берсе деген ниетіміз бар, сұранысымыз бар. Өйткені, жүз адам мына жерде емін еркін карантин талаптарын сақтап, ара қашықтықты сақтап, біз негізі өтікізе аламыз кез келген кештерді, басқа да мейрамдарды деген сияқты.

Көктемнен аузының салымы суалған асабалар да ең болмаса корпоративтен көтерем күйін көтерсек деп дәмелі. Әйтпесе, табыс емес шығынның ұйығына батқан.

Бекзат Мәжен, асаба:

- Былтыр енді табыс көзі шыны керек, желтоқсанның бірінен бастап 31-не дейін бізде күні-түні, мысалы күндіз бір коорпоратив, кешке бір коорпоратив жүргізетін кездер болған. Енді қазіргі таңда елімізге келген зұлматқа байланысты, пандемияға байланысты күрт төмендеуде.

Шектеуге көнгісі келмегендердің көбі Алматы сыртындағы Алмарасан шатқалын жағалайтын сыңайлы. Тау бөктеріндегі коттедждерге қазірден тапсырыс қарша борап жатыр. Қалауына қарай моншасын жағып, таза ауада сауығын ұсынады.

Жазира Ерденова, үйді жалға беруші:

- Осындай жағдайға байланысты мейрамханалардың барлығы істеп жатқан жоқ. Сондықтан, біздің қазақтарды білесіздер демалғанды жақсы көреді. Той-томалақты жақсы көреді дегендей. Осындай қала сыртында демалып, тапсырыстар аламыз. Ең көбі 20-25 адамға дейін қабылдаймыз.

Мұндай үйді жалдау 30 мың теңгеден басталады. Бірақ, мейрам қарсаңында тапсырыс көбейсе, бағасы еселеп артуы әбден мүмкін.

Алматы бас санитарының бұйрығы бойынша әзір жиналып той тойлауға тыйым салынған. Балабақша, мектептерде де жаңа жылдық кеш өткізуге рұқсат жоқ. Бірақ, тығылып сауық салғандардың тоқтамай тұрғанына қарағанда, шектеу көпшілік үшін жаңа жылдық корпоративті атап өтуге кедергі болмайтындай.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.