{metadescription}
Қойын-қонышына есірткі толтырып алған азамат ұсталды
Қойын-қонышына есірткі толтырып алған азамат ұсталды

Қойын-қонышына есірткі толтырып алған азамат ұсталды

Нұр-Сұлтанда есірткі саудасымен айналысқан азамат қолға түсті. Көше бойында құрықталған қылмыскердің сөмкесінен 13 орама наша табылған. Бұған дейін де істі болған азаматтың пәтері де тексеріліп, құны 30 миллион теңгеден асып түсетін есірткі тәркіленді.

39 жастағы азамат астанадағы Жеңіс көшесінің бойында ұсталды. Оның сөмкесі ғана емес, пәтері де есірткіге толы екен. Тіркіленген заттың жалпы көлемі 20 келіге жуықтайды. Бұл аса ірі көлем. Полицейлердің есептеуінше, тәркіленген наша құны 30 теңгеден асады. Қазір осы есірткі затының саудасына қатысы барларды іздестіру жүріп жатыр. Күдіктінің өзі енді 10 жыл бостандық көрмеуі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде