{metadescription}
Атырауда Нұрсая ықшамауданының тұрғындары жылусыз қалды
Атырауда Нұрсая ықшамауданының тұрғындары жылусыз қалды

Атырауда Нұрсая ықшамауданының тұрғындары жылусыз қалды

Атырауда бүтін бір аудан қақаған қара суықта жылудан қағылды. Өйткені жылу құбыры жарылған. Соның кесірінен көпқабатты 7 үйдің тұрғындары бүрсеңдеп отыр. Ыстық су тіпті көшеге де жайылған. Апат болған жерде коммуналдық қызмет жанталасып жөндеп жатыр. Олар бүгіннен қалмай үйлерге жылу беріледі деп уәде етті.  

Нұрсая ықшамауданындағы апат бүгін таң ертең болған. Мұнда жылу құбыры жарылып, ыстық су жан-жаққа атқылапты. Салдарынан, көпқабатты 7 үй жылудан қағылды. Бұл апатты жағдай бірінші рет емес дейді тұрғындар. Күн суытып, жылыту маусымы басталса болды құбырлардың жарылуы үйреншікті әдетке айналған.  

Жанат Байдәулетов, Атырау қаласының тұрғыны:

- 2012-ден бастап келдім. Содан бері қиналып келеміз. Әлі күнге. Бала-шағамыз бар. Кішкентай сәбилеріміз, жиендеріміз бар. Қатып қалдық.

Коммуналдық қызметтегілер дереу апат болған жерге келіп, құбырды қайта қалпына келтіруге күш салып жатыр. Кешке дейін жылу қайта қосылады деп сендірді олар.

Кенжебек Камаладденов, Атырау қалалық ТКШ бөлім басшысының орынбасары:

- Бұл жұмыстарға арнайы су сорғыш 4 автокөлік және манипулятор жұмылдырылды. Кемшіліктер анықталғанан кейін, тез арада жою шараларын аламыз. Жұмыс көлемі екі сағаттай уақыт алады.

Мұнайлы астанадағы көпқабатты үйлердің барлығы орталық жылумен қамтылған. Бірақ құбырлардың сапасы сын көтермейді. Бүгінгідей апат жиілеуі қалыпты жағдайға айналған. Сондықтан биыл қыс қатты болса, тұрғындардың әлі талай тоңып секіретін түрі бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде