Тұрғындар өртенген үйден жалаң аяқ, жалаң бас жүгіріп шыққан
Ақмола облысындағы Щучье қаласында 4 пәтерлі үй өртеніп кетті. Шырт ұйқыда жатқан тұрғындар түн ішінде тұтанған оттан кейін далаға жалаң аяқ, жалаң бас қашып шығыпты.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
18.11.2020
Түн жарымда үйдің шатыры шатырлап жана бастағанын өтіп бара жатқан бір жігіт байқап қалған. Жанұшыра жүгіріп келген ол есік-терезені қағып, шырт ұйқыда жатқан тұрғындарды оятыпты. Қызыл жалынды көрген тұрғындар төсектен тұра сала сыртқа жүгірген. Осында тұратын 4 отбасында қария адам да, бесіктегі бала да бар екен. Айғай-шудан көршілер де оянып, көмекке келген. Алайда ағаштан салынған үйдің шаңырағы ортасына түсті. Құтқарушылар келіп, газ баллондарын сыртқа шығарып үлгеріпті.
Денис Шелкоплясев, Ақмола облыстық ТЖД басқарма бастығы:
- 4 пәтер де түк қалмай жанып кетті. Өрт сөндірушілер 3 сағат бойы отпен арпалысты.Үйдің қабырғалары ағаштан болғандықтан, тез жанып қиындықтар туғызды. Әзірге өрттің шығу себебі анықталып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!