Covid-19: Жаңа туылған 14 шақалақтан коронавирус анықталды
Шығыс Қазақстан облысында жаңа туған 14 нәрестенің қанынан коронавирус табылған. Кесел күш алған өңірде пандемия басталғалы 180 жүкті әйел індет жұқтырыпты. Ал еліміз бойынша осыған дейін вирус 22 шақалақтан анықталған болатын.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
18.11.2020
Жалпы, елімізде соңғы тәулікте 682 адам коронавирустың құрығына іліккен. Ал қос өкпесі қабынғандардың саны тағы 268 жанға толықты. Кешелі бері COVID-19-дан 7 адам ажал құшып, кесел құрбандары екі мыңға жуықтады. Қазір ауруханада жатқан үш жүзге жуық адамның жағдайы өте ауыр. Ал коронавирустық пневмониядан кісі өлімі тіркелген жоқ. Статистика бойынша, бұл аурудан 421 адам көз жұмған. Айта кетейік, жұқпалды дертке осы уақытқа дейін 122 мыңнан аса адам шалдыққан. Қос өкпесі қабынғандардардың жалпы саны 40 мыңнан асып түсті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!