{metadescription}
Kazakh Tourism-ге қосымша құзырет қажет пе?
Kazakh Tourism-ге қосымша құзырет қажет пе?

Kazakh Tourism-ге қосымша құзырет қажет пе?

Туризм - Мәжілістің де бүгінгі негізгі тақырыбы болды. Мәдениет министрлігінің «Қазақ туризм» компаниясына қосымша құзірет беру туралы ұсынысын естігенде, депутаттардың шашы тік тұрды. Әңгіменің ауаны миллиардтап бөлінетін қаржыда жатыр. Мәжілісмендердің пікірінше, ұлттық компания қомақты қаражатты иемденсе, еліміздегі туризмнің болашағы бұлыңғыр болып кетуі мүмкін.

Артур Платонов, Мәжіліс депутаты:

- Kazakh Tourism компаниясының өзі 100 пайыз мемлекет қаражатына күн көріп отыр. Бұдан бюджет қаражаты Kazakh Tourism арқылы жеке қолға таратылатынын аңғаруға болады. Осылайша компания қаржылық делдал қызметін атқарады. Онсыз да бюджет қаражатын тиімсіз пайдаланғаны үшін Kazakh Tourism бұған дейін де қатаң сынға іліккен болатын. Сондықтан Kazakh Tourism компаниясына қосымша құзырет берудің қажеті қанша? Біз бұл норманы алып тастауды ұсынамыз.

Депутаттар тарапынан Мәдениет министрінің естіген сыны бұл ғана емес. Мәжіліс спикері туроператорлық жұмысты не себепті үш түрге бөлгенін сұрағанда, министр Райымқұлова әбден састы. Шенеуніктер бұл норма туристік сала бизнесіндегілерге қолдау болады деп сендірді. Алайда, спикер Нұрлан Нығматулин Мәдениет министрінің бұл ұсынысымен келіспейді. Өйткені, туроператорлардың санын айқындау оларды «Туристік қамқор» қорына жарна аударуға міндеттеуге итермелейді екен.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Бұған дейін шетелге шығатын қазақстандық туристерге қызмет көрсететін туристік операторлардың кейде жабылып қалып, мұның қиыншылығын қарапайым туристер көріп келді. Сондықтан заң жобасы арқылы туроператорлар арнайы лицензиялаудан өткізіліп, сыртқы туризм саласында еңбек ететін турфирмалар санын айқындау көзделген.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

- Министр ханым, бизнесті қорғаймыз деудің қажеті жоқ. «Атамекеннің» бұл мәселені уақытылы көтергені қандай жақсы болған. Әдемі сөздің артында мүлде басқа мақсат тұр. Мынадай жоғары мінберде бизнесті қорғаймыз деп ұрандап, туристік компанияларға керісінше қысым көрсетуге тырысудың қажеті жоқ. 2025 жылы бұл бағытта көрші мемлекеттермен қалайша бәсекелесе аламыз? Қайталап айтамын: бұл мәселенің талқылануына туристік қауымдастықтардың өкілдері тартылуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде