Бозжыраға қандай қонақ үй салынады?
Президент Маңғыстау облысында сафари қонақ үйін басқа жерден салуды тапсырды. Оның өзінде бұл құрылыс қоғамдық кеңес, эколог сарапшылар мен мемлекеттік органдардың келісімімен жүзеге асуы тиіс. Бұған дейін Бозжыраның етегіне қонақ үй саламыз дегендер елдің сынына ұшараған еді. Мамандар Божзжырада қонақ үй құрылысы басталса, ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне кіргелі тұрған тұмса табиғаттың талқаны шығады деп дабыл қаққан.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
18.11.2020
Берік Уәли, ҚР президентінің баспасөз хатшысы:
- Президент экологиялық туризмді өркениетті жолмен дамытуды қолдайды. Ол үшін қажетті инфрақұрылым, ең алдымен, жайлы қонақүйлер қажет. Сондықтан Мемлекет басшысы Үкіметке қонақ үй салу жобасын қайта қарауды тапсырды. Бірақ бұл жоба осымен тоқтайды дегенді білдірмейді. Қоғамдық кеңестердің, эколог сарапшылардың және мемлекеттік ведомстволардың ой-пікірі ескеріле отырып, қонақ үй салуға арналған басқа ыңғайлы жер таңдалады.
Алайда туризм инфроқұрылымы комитетіндегілер бұған қатысты өз уәждерін айтты. Олардың айтуынша, бұл жерде қонақ үй мен инфрақұрылымның жоғы тұмса табиғатқа зиянын келтіріп жатыр. Себебі даланы бет-бетімен кезетін туристерді бақылауда ұстау мүмкін емес. Жоспар бойынша келесі жылы Бозжыраға 10 мыңнан аса турист келеді деп күтілуде. Бұл биылғымен салыстырғанда 5 есеге көп. Сондықтан оларды күтіп алатын жағдай жасалмаса саяхатшылар нөпірі табиғатты талқандап кетуі ықтимал деп отыр. Ал жобаға жүз миллион долларын дайындап отырған түрік инвесторы қонақ үй салатын жер сұрап жергілікті әкімдікті әлі айналшықтап жүрген көрінеді.
Өркен Бисақаев ҚР мәдениет және спорт вице-министрі
- Туристер көптеп келетін болса, олардың жүріс-тұрысын ұйымдастыра алмасақ, табиғатқа үлкен нұқсан келуі мүмкін. Егер қонақ үй салынса, келген туристерді бақылауда ұстап, тауға белгіленген тәртіппен шығаратын едік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!