{metadescription}
Алматылық үш жігіт жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған 
Алматылық үш жігіт жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған 

Алматылық үш жігіт жалдамалы пәтерді есірткі зертханасына айналдырған 

Алматыда синтетикалық есірткі өндіріп келген кезекті зертхана әшкереленді. Есірткі саудасын қыздырғандардың ізіне түскен полицейлер үш жігітті тұтқындады.

Күдіктілерді аңдыған полицейлер көлікті Абай даңғылының бойында тоқтатыпты. Тінту барысында жеңіл көлік ішіндегі екі жігіттің бірінің қалтасынан «мефедрон» синтетикалық есірткісі табылған. Ұсталғандар психотроптық заттарды қаладағы жалдамалы пәтерде әзірлеген екен. Сол жерде тағы бір азамат ұсталды. Ал пәтер іші нағыз есірткі өндіретін зертханаға айналған. Олар қажетті түрлі химиялық заттарды тоңазытқышта сақтап, керегінше есірткі әзірлеп отырыпты. Ұсталғандардың қашаннан бері жұмыс істегені және қанша өнімді сатуға шығарғаны белгісіз. Тек пәтерді тексеру кезінде 10 келі шикі зат пен дайын өнім тәркіленді. Қазір олардың химиялық қоспаларды қайдан алғаны, сондай-ақ өзге де сыбайластары бар-жоғы анықталып жатыр. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Қазіргі таңда үш күдікті қамауға алынды. Олардың жас мөлшері 1996, 1994 және 1997 туған, бұрын-соңды сотталмаған адамдар екен. Қылмыстық кодекстің 297-бабының нормалары бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.