Ақтөбеде автобус жүргізушілері шу шығарды
Ақтөбеде автобус жүргізушілері шу шығарды. Олар жалақыға жарымай отырғанда, көліктің қосалқы бөлшектерін өздері сатып алуға үзілді-кесілді қарсы. Жағдаймыз реттелмесе, жолаушы тасымалдауды тоқтатамыз дейді наразы топ.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.11.2020
Амантай Жақаев, автобус жүргізушісі:
- Жағдай жоқ. Қосалқы бөлшек бермейді. Қалғанын керек затты сатып аламыз. Айлықты көтерсін. Біз жоспар тапсырамыз.
Ақтөбеде жолаушы тасымалдаумен екі компания айналысады. Солардың бірі мемлекет меншігінде. Қалалық әкімдікке қарайтын мекеменің жүргізушілері біраздан бері мәселелерінің шешілмей отырғанына ашынады. Демалыссыз күніне 12 сағат жұмыс істегенде айына қолдарына елу мың теңгедей айлық тиеді екен. Оның жартысы құрал алуға кететін көрінеді. Ал шығынды төлеуге басшылары құлықсыз. Онымен қоса күндік табыс жоспарын да көбейткен. Ол орындалмаса тағы да жалақыдан ұстап қалады. Жүргізушілер бұған дейін екбек инспекциясы мен прокуратураға арызданған. Бірақ әзірге ол жақтан еш хабар жоқ. Ал компания өкілдері ешкімді қинап отырған жоқпыз деп ақталады.
Тұрсынбек Қуанышбаев, Ақтөбе қаласы жолаушылар автокөлік кәсіпорны» жшс заңгері:
- Сіздерге де жалақы, біздерге де жалақы тек тасымалдаудан түсетін ақшадан болады. Қазіргі таңда біздің мекемеміз реабилитацияда тұр сот шешімі бойынша. Қосалқы бөлшекті өзіміз сатып аламыз. Біз ешкімді жұмыс беруші қинап отырған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!