{metadescription}
Үйлері күлге айналған төрт отбасы далада қалды
Үйлері күлге айналған төрт отбасы далада қалды

Үйлері күлге айналған төрт отбасы далада қалды

Щучьеде пәтерлері өртеніп, қарашаның қара суығында далада қалған 4 отбасына уақытша паналауға да баспана берілмейтін болды. Шаңырағы ортасына түсіп, төрт қабырғасы қаусап қалған үйдің 12 тұрғыны көршілерінде түнеп шыққан. Қала әкімдігі қолымыздан ештеңе келмейді деп ашық айтып отыр. Киерге киім, ішерге асы жоқ олар енді кімнен барып көмек сұрарын білмейді. Өрттен соң әлі де түтіні басылмай, күлге айналған үйлерін айналшықтап жылап жүр.

Толығырақ Айзат Тұрғынбекқызы айтып берсін. 

Кеше ғана ұядай жылы пәтерлерінде 4 отбасы алаңсыз өмір сүріп жатқан. Бір сәтте баспанасыз қалып, қиыншылық қамытын киеміз ау деген ой үш ұйықтаса түстеріне кірмепті. Енді, міне, айтпай келер апат көзді ашып-жұмғанша оларды жалаңаяқ далада қалдырды.

Түнгі сағат екіде  шырт ұйқыдан оянып сыртқа ұмтылған тұрғындар әлі де баспанасыз қалғандарына сене алмай жүр. Алапат өрт тек пәтер иелерін ғана емес, сол маңдағы тұрғындардың зәресін ұшырған. Өйткені үйлер тым тығыз орналасқан екен. Өрт сөндірушілер де кешікпей жеткенімен, 4 пәтерлі үйдің шатыры шытырлап жанып, шаңырағы ортасына түскен. Олар дәл қазір қайда барарын білмейді. Сырттан келер көмек жоқ.

Олар үнсіз отырғанда, жалаң аяқ, жалаң бас  өртенген үйден шыққан тұрғындарға қол ұшын беріп, үйіне паналатқан құдайы көршілері екен. Қазір мына киіп тұрған киім-кешекті де солар берген. Үйлерінен қалған үйіндіге келіп, күлге айналған дүние мүліктеріне қарап іштей қынжылып тұр, әрине. Бірі жөндеу жасап едім десе, енді бірі жиһаз сатып алып едім дейді. Несиеге белшесінен батқандар да бар.

Ботакөз Байсалбаева, Щучье қаласының тұрғыны:

- Өткен жылы ғана 3 миллион теңге несие алып, осы пәтерді сатып алдым. Жөндеу жасадым. Әлі 3 жыл төлемі бар. Енді қайда барам, не істеймін?

Ерлан Қаппасов, Щучье қаласының әкімі:

- Енді олар жалғыз баспанадан айрылған соң кезекке тұрады. Кезекке  тұруға мүмкіншілік бар. Кезекте сол категория бойынша 560 адам тұр.

- Қазір қайда барады қыс ішінде?

- Қазір қайда баратынын өздері туыстарына, көршілеріне.

Көршілеріне барып күнелтсін деген әкім тақыр кедейге айналған 4 отбасыға мемлекет есебінен 83 мың теңгеден бір реттік көмек беріледі дейді. Күлге айналған үйінділерді де жинап беруге көмектеспекші. Бірақ қыстың көзі қырауда далада қалған 12 адамға уақытша берілетін жатақхана да жоқ деп кесіп айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.