{metadescription}
Елдің есін алған елес табылмады
Елдің есін алған елес табылмады

Елдің есін алған елес табылмады

Ханкөл ауылын үрей құшағында ұстаған ақ киімді, әйел бейнесіндегі елес жалған болып шықты. Қызметтік тексеріс жүргізген полицейлер ол қылжақбастардың ісі екенін анықтаған. Батыс Қазақстан облысының әкімі жұрттың үрейін сейілту үшін елді мекенге полиция қызметкерлерін жіберген еді.

Олар видеодағы елес көрінген жолмен де жүріп көрген. Бірақ тәртіп сақшылары тылсым ештеңе байқамадық дейді. Тіпті ауыл тұрғындарымен де тілдесіп, елесті көзбен көрдік деген жан таппапты. Сондықтан құзырлы орындар  жұрттың қорқынышқа бой алдырмауын сұрап отыр. Өйткені әкім-қарасы бастап, имамы қостап одан құтылу үшін құрбандық шалып әлекке түскен еді. Ақыры бұл жалған ақпарат болып шықты. Естеріңізге сала кетейік, елес көрінген видео әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Тіпті оның көліктердің әйнегін қағып, біраз адамды қорқытқаны да айтылды. Полиция қызметкерелір бұл видеоның да қолдан жасалғанын айтып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде