Қорғанысқа бөлінетін қаржы көлемі ұлғаяды
Әскерилерге берілетін қаржылай көмек 30 пайызға артады. Қорғаныс министрлігінің алқа мәжілісіне қатысқан президент Қасым-Жомарт Тоқаев осындай шешім қабылдағанын жеткізді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
19.11.2020
Келесі жылдан бастап күш құрылымдарына арналған азық-түлікке бөлінетін қаржы көлемі де көбеймек. Сондай-ақ, әскерилер әлеуметтік-құқықтық тұрғыдан қорғалу керек - деді президент. Ал сарбаздардың әскери машығын ұдайы шыңдап отыру қажет. Өйткені, ши кез-келген жерден әрі кез-келген уақытта шығуы мүмкін. Бұған Таулы Қарабақтағы қақтығыс дәлел. Ал сарбаздарды шыңдаудың ең тиімді жолы бітімгерлік миссияларынан қалдырмай қатыстыру. Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Қорғаныс министрлігіне 2021 жылдың 1 тамызына дейін Біріккен Ұлттар Ұйымы бітімгерлік операцияларына қатысуын кеңейту жөніндегі Жол картасын әзірлеуді міндеттеді. Президент жойқын жарылыс болған Ливан астанасында бітімгерлік миссиясын атқарған қазақ жауынгерлеріне алғыс білдірді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!