Бір тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Елімізде бір тәулікте 964 адамның қауіпті індеттің ілмегіне іліккені анықталды. Оның 202-сі коронавирустық пневмония жұқтырған. Осылайша елімізде осы дертпен ауырғандардың жалпы саны 124 мыңға жуықтады.
Автор: Салтанат Шырынхан
19.11.2020
Алты құрлыққа ауыз салған аурудан ажал құшатындар да азаймай тұр. Елімізде кесел бір тәулікте тағы да 7 адамның өмірін жалмады. Оның екеуінің қос өкпесі қабынып қайтыс болды. Сөйтіп, қос індеттен құрбан болғандар саны 2 400-ге жетіп қалды. Көңіл көншітпейтін көрсеткіште әдеттегідей Шығыс Қазақстан көш басында. Мұнда күн сайынғы статистика 250-ден төмен түспей тұр. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтан қаласы мен Солтүстік Қазақстан облысында сандар шамалас. Екі аймақта 80 адамнан коронавирустың құрығына іліккен. Бір жақсысы, 111 мыңнан аса отандасымыз бұл сырқатты жеңіп шықты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!