{metadescription}
Балалар арасында қант диабеті ауруы асқынып барады
Балалар арасында қант диабеті ауруы асқынып барады

Балалар арасында қант диабеті ауруы асқынып барады

Алматыда қант диабетімен ауыратын бала саны бір жыл ішінде 14 жарым пайызға артқан. Көңілсіз көрсеткіш дәрігерлерді алаңдатып отыр. Себебі, қант диабеті науқастарды зағиптыққа апаруы мүмкін.

Сондықтан, аурудың көзге әсерін үнемі бақылап отыру маңызды.

Қазақстандық ғалымдар диабетке шалдыққан науқастардың көру қабілетін қадағалаудың тиімді әдісін ойлап тапқан. Бұл үшін көзді суретке түсіретін арнайы құрылғы қолданылады. Соның көмегімен диабетикалық орталықтағы кез-келген маман балалардың қос жанарын суретке түсіріп алады. Сөйтіп, оны офтальмологқа жібереді. Асқыну дер кезінде анықталса, балаларды зағиптықтан сақтап қалуға болады. Бұған қоса, компьютерлік бағдарламаға науқас туралы ақпарат енгізіледі. Түсірілген суреттер де сонда сақталады. Болашақта бағдарлама өздігінен қорытынды шығаратын болады дейді мамандар. Ал, бүгін жаңа әдіспен жүзден аса бала тексеріліп шықты.

Венера Абдуллина, Қазақ-Ресей медициналық университеті офтальмология кафедрасының доценті:

- Бұл әдіс өте қарапайым. Оған балаларды алдын-ала дайындаудың керегі жоқ. Көзге дәрі тамызуды, не линза қоюды қажет етпейді. Яғни, кішкентайлардың еш жерін ауыртпайды. Науқастар әр кабинетті аралап жүрмейді. Ең бастысы уақыт үнемдейді. Бұрынғы әдіс 1 сағаттан аса уақытты алса, бұл бар-жоғы 6-8 минутқа созылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.