{metadescription}
Бірнеше көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті – Алматы
Бірнеше көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті – Алматы

Бірнеше көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті – Алматы

Алматыда бірнеше көлік соқтығысып, бес адам зардап шекті. Жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген жолаушылардың арасында төрт бала бар. 

Дәулет Құтманов, Алматы қалалық орталық клиникалық ауруханасы қабылдау бөлімінің меңгерушісі:

Ауруханаға 32 жастағы жүргізушіні алып келді. Жағдайы орташа, беті жараланған. Басым ауыра береді деп шағымданды. Барлық тексеруден соң амбулаториялық ем қабылдауға үйіне қайтарылды. 

Куәгерлердің айтуынша, жүйткіп келген «Мерседес» көлігі алдындағы темір тұлпарды түйреп өткен. Сөйтіп қатты соққының екпінімен жылжыған «Киа» өзге көліктерге соқтығысқан.

Апаттан зардап шеккен бес адам бірден ауруханаға жеткізілді. Ал балалардың ең кішкентайы бір жарым жаста. Бір баланың миы шайқалған. Дәрігерлер олардың жағдайы тұрақты екенін айтады.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде