{metadescription}
Шуда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды – Жамбыл облысы
Шуда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды – Жамбыл облысы

Шуда кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды – Жамбыл облысы

Жамбыл облысы Шу ауданында кәсіпкердің үйіне қарақшылық шабуыл жасалды. Бетперде киген екі азамат түн жарымда келіп, бизнесменнің бар дүние-мүлкін тонамақ болған.

Отағасы үйде жалғыз болыпты. Бір адамға ұрылар «әліміз жетеді» деп ойласа керек. Алайда олардың ойындағысындай болмады. Бизнесмен қаскөйлердің сұраған ақшасын бермей, соңына дейін айқасқан. Кәсіпкер екіге бір алысып жатқан тұста, қонақтан оның отбасы келіп қалған. Абдырап қалған қарақшылар белгісіз қарудан оқ атып, қаша жөнеледі. Сол жерде 49 жастағы бизнесмен қолынан жараланған. Дереу тәртіп сақшыларына хабар жетіп, көп ұзамай күдіктілер қолға түсті. Қазір олар терегеу қапасында жатыр.

Бегман Құтмырзаев, Жамбыл облыстық ПД бөлім маманы:

- Қарақшылық шабуыл жасағаны үшін облыстың 29 және 34 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Аталған дерекке қатысты ҚР ҚК 192-бабының 3-бөлігі, яғни қарақшылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде