{metadescription}
Қымбат тариф Ақтөбені қоқыстан тазарта алмады
Қымбат тариф Ақтөбені қоқыстан тазарта алмады

Қымбат тариф Ақтөбені қоқыстан тазарта алмады

Ақтөбеде коммуналшылар қоқыс шығаруға үлгермей жатыр. Соның кесірінен ауладағы жәшіктер қалдыққа толып, апталап шығарылмай тұр. Ал шенеуніктер: «Осыдан үш ай бұрын тарифті көтерсек, мәселе түбегейлі шешіледі» деп сендірген еді.

Әсел Құмарғалиева, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Тарифті көтергеннен кейін жинап тұру керек қой. Күн сайын болмаса да, тым құрығанда екі күнде бір рет. Иісі сасып мүңкіп тұр. Бәріміздің балаларымыз бар. Тап жанымызда – 200 метр жерде қоқыс.  

Ақтөбені қоқыстан тазартуға қатысты мәселе төрт жылдан бері шешілмей келеді. Осы уақыт аралығында аймақтың екі әкімі, Ақтөбе қаласының үш әкімі ауысқан. Соңғы рет қоқыс шығару қызметінің құнын қыркүйекте бірден екі есеге қымбаттатты. Қазір ақтөбеліктер қоқысқа адам басына айына 200 теңге төлейді. Бұрын биліктегілер тарифтің арзан екенін айтып ақталатын. Енді оны да қымбаттатқанымен, Ақтөбе тазарып кетпеді. Қаланың қоқысын шығаруымен қазір үш компания айналысады. Олардың аула аралап, тазалықпен айналысуға шамасы келмей отыр.  

Мирас Әжібаев, Ақтөбе қалалық ТКШ бөлімі басшысының орынбасары:

- Ол кезде тарифке байланысты болды. Тариф көтерілгеннен кейін бәсекелестік пайда болып жатыр. Бәсекелестік пайда болған соң тағы компанияларды қосқымыз келіп жүр. Жаңа аудандар қосылып жатыр, қаншама үй салынып жатыр. Қала өскен сайын үш компанияның күші әлсіреп бара жатыр, жетпейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде