{metadescription}
Индерде ірі қара неден арам қатты?
Индерде ірі қара неден арам қатты?

Индерде ірі қара неден арам қатты?

Атырау облысында мал қырылып жатыр. Индер ауданындағы ірі қараның неден арам қатқаны әзірге белгісіз. Тұрғындар ауыл іргесіндегі пияз алқабынан уланды деп күдіктенеді. Ал бақша шаруашылығымен айналысқан кәсіпкер өзіне шаң жуытқысы жоқ. Төрт түлікпен тұрмысын бүтіндеп отырған жұрт енді өтемақыны кімнен дауларын білмей дал.                      

Индер ауданына қарасты Жарсуат пен Құрылыс ауылында малдың қырылуы жыл сайын қайталанады. Бірақ биыл өлген сиыр саны тым көп. Баққан малын не азық қыла алмай, не пайдаға жаратпай ашынған ауылдықтар мұны іргеде пияз егетін шаруашылықтан көріп отыр.

Берікқали Әзірбаев, Жарсуат ауылының тұрғыны:

Былтыр да екті. Сол пияз жиналмай қалды. Былтыр 3-4 бас өлген болар. Сол кезде ескерту алды. Мұфтолла бізге ақшасын төлесін. Сотқа арызданайын деп отырмыз, осы ауылдың кісілері. Ақшамызды төлесін. Қалай күн көреміз енді?

Лаура Қапашева, Жарсуат ауылының тұрғыны:

- Ауырып тұр. Аузына кола да құйып жатырмыз, шемішке майын да құйып жатырмыз. Бірақ ешқандай көмегі жоқ. Тұр. Сілейіп тұр.

Тұрғындар сиырдың қырылуын пияздан, дәлірек айтқанда сол пиязға шашылған дәріні жеп өлді деген сенімде. Бірақ бақша иесі мұны жоққа шығарды. Тіпті жала жабылды деп ақталуға тырысты.

Мұфтолла Құлбасов, шаруа қожалығының басшысы:

Ол су ішпегеннен өлді! Ана пиязды жегеннен кейін ішті қыздырады. Шөлдетеді. Суды ішейін деп барса, өзен қатып жатыр. Оны халықтың өзі ою керек еді. Өз малын суарып тұру керек еді.

Ауданның мал дәрігерлерінен құралған топ осы уақытқа дейін жайылымнан 13 сиырдың өлексетін тапқан. Ал аулада ауырып тұрған ірі қара саны он шақты дейді.       

Дарын Шамұратов, Индер ауданы әкімінің орынбасары:

- Өлген малдан сынама алынып, облыстық мал дәрігерлік зертханасына жолданды. Бір аптаның ішінде қорытындысы шығады. Қорытынды шыққаннан кейін жергілікті тұрғындарға, БАҚ-на, хабарлама береміз. Қорытындысымен нақты шара қабылданатын болады.

Аудан әкімінің орынбасары арам қатқан сиырдың қожайындарына өтемақы төлеу мәселесін зертхана қорытындысы шыққан соң арнайы коммисия құрып қарастырмақшы. Шаруа қожалықтарының иелері: «Тұрғындар бізден ештеңе дәметпесін, малдар шөлден өлген» - деп кесіп айтты. Ал пияз қалдығы үйіліп жатқан алқапта сиырлар әлі жайылып жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде