{metadescription}
Барымташыны дер кезінде неге ұстай алмайды?  
Барымташыны дер кезінде неге ұстай алмайды?  

Барымташыны дер кезінде неге ұстай алмайды?  

Он айда мыңнан аса адам абақтыға жабылған. Жыл басынан бері жылқыны үйірімен, сиырды табынымен айдап кеткен ұрылардың саны осындай. Ұсталғандардың 145-і қылмыстық топ құрып әрекет етіпті. Ал барымташыларды дер кезінде ұстау қиын. Өйткені қараусыз жүрген малдың ұрланғанын иесі кеш біледі, арыз да кеш жазылады.    

Думан Таев, ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаментінің бастығы:

Көбінесе мал иелері өз малын шығарады да, одан кейін малына қарамайды. Бір-екі жұмадан кейін барып санаса, нәтижесі болуға тиісті. Содан кейін барып малын өзі іздейді. Уақыты өтеді, кейін полицияға арыз жазады. Арыздан кейін топ құрылып, уақыты аз болады.  

Сондықтан ішкі істер министрлігінің бастамасымен, малын жайылымда қараусыз қалдырғандарды жазалау ұйғарылыпты. Яғни әр өңір ерекшелігіне қарай төрт-түлік жаюдың ережесін бекітеді. Талапты орындамағандар 8 мыңнан бастап, 28 мың теңгеге дейін айыппұл арқалайды. Министрлік 2021-23 жылдарға арналған бағдарламаны да бекітіп қойған. Онда жылжымайтын мүліктен бөлек, иелері төрт түлікті сақтандыруы тиіс. Сол кезде ұрылардың айдауында кеткен малдың өтеуін сақтандыру қоры қайтармақ.

Жыл басынан бері мал ұрлығына қатысты жаза қатаңдатылған. Енді ұрылар 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылып қана қоймай, мүлкі тәркіленеді. Жалпы соңғы бес жылда мал ұрлығы айтарлықтай азайды деп отыр полицейлер. Әсіресе пандемия уақытында жайылымдағы түлікті айдап кететіндердің қатары сиреген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде