{metadescription}
0:000:00
Сара Назарбаева халқын ар-намыстан аттамай өмір сүруге шақырды

Сара Назарбаева халқын ар-намыстан аттамай өмір сүруге шақырды

Сара Назарбаева Қазақстан халқын ар-намыстан аттамай өмір сүруге және бір-біріне құрметпен қарауға шақырды. «Бөбек» қорының негізін қалаушы онлайн режимінде өткен бала тәрбиесіне арналған халықаралық форумға қатысты.

Сара Назарбаева, «Бөбек» қорының президенті:

- Адамның құндылығы неде? Кесіріңді тигізбе. Алдама, арыңа қарсы жүрме. Адамгершілігің болсын. Адам бол. Еркек болсын, әйел болсын, адам болуға міндетті. Өзіміз үшін, өз жанымыз үшін. Солай істеуіміз керек.  

«Өзін-өзі тану: бала алдындағы миссия» конференциясы пандемияға байланысты видеобайланыс түрінде өткен. Бүгінгі таңда «Бөбек» қоры арқылы балалар үйінің 8 мыңдай тәрбиеленушісіне қайырымдылық көмек көрсетілуде. Ал қордың жас ұрпақты тәрбиелеуге бағытталған әдістемесін тек қазақстандық балабақшалар, мектептер және колледждер ғана емес, шетелдік білім беру ұйымдары да пайдаланып жатыр. Мысалы, Таиландта ашылған орталықта студенттерге «Өзін-өзі тану» қазақстандық бағдарламасымен білім беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде