Әкесіндей адамды аяусыз сабаған жігіт қолға түсті – Тараз
Таразда әкесіндей адамды аяусыз сабап, ол ес-түссіз жатқанда түгін қалдырмай тонап кеткен күдікті қолға түсті. Ол 23 жастағы бұрын сотты болған қала тұрғыны. Қазір қаскөй уақытша қамауға алынды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
30.11.2020
Асылхан Зәуірбеков, Тараз қаласы ПБ бастығы:
- Ұсталып, кінәсін толық мойындады. Айғақ зат алынды. Сотқа дейінгі тергеу басталды. ҚР ҚК 191-бабы, 2-бөлігіне сәкес.
Оқиға әлеуметтік желіге жария болып, қоғамда қызу талқыға түсті. Тәртіп сақшылары да егде адамға қатыгездік танытқанды жатпай-тұрмай іздеп, ақыры үш күнде тауып отыр. Ол жәбірленушінің ұялы телефоны мен 10 мың теңгесін алып кеткен. 23 жастағы азамат ақшаға бола 57 жастағы кісіні өлімше етіп сабағаны үшін 7 жылға дейін түрмеге жабылуы мүмкін.
Төрт күн бұрын 57 жастағы ер адамды тура үйіне кіреберісте белгісіз біреу аяусыз тепкілеп тонап кеткен еді. Алған жарақатынан жәбірленушінің жағы сынып, миы шайқалып сол жерде жатып қалған. Кейін көрген көршілері оны ауруханаға жеткізген. Шұғыл ота жасалған. «Қазір жағдайы біршама тәуі», - дейді дәрігерлер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!