{metadescription}
0:000:00
Белоусовкадағы өртте ерлі-зайыптылар тірідей жанып кетті – ШҚО  

Белоусовкадағы өртте ерлі-зайыптылар тірідей жанып кетті – ШҚО  

Шығыс Қазақстан облысында өртенген үйде ерлі-зайыптылар тірідей жанып кетті. Қайғылы жағдай Белоусовка ауылында болған. Марқұмдардың екеуі де үй иесі.  

72 жастағы қос зейнеткер үй ішінде шылым шеккен деген болжам бар. Тұқылдан шоқ түсіп, соңы алапат өртке ұласыпты. Ал үйдің өртеніп жатқанын көрген көршілер бірден өрт сөндірушілерге хабар берген. Бірақ құтқарушылар ерлі-зайыптыларды құтқарып үлгермеді. Олар тілсіз жау күш алған сәтте ұйқыдан оянбаса керек.  Екеуі де тірідей жанып кеткен. Қазір қызыл жалынның нақты неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Жадыра Аманғалиқызы, ШҚО ТЖД баспасөз қызметінің бас маманы:

- 70 шаршы метр үй өртенді. Оны сөндіруге жеке құрамнан 9 адам жұмылдырылы, өрт сөндірілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде