{metadescription}
Жаңақоныстықтар  баспанасына неге кіре алмай жүр – Ақтөбе
Жаңақоныстықтар  баспанасына неге кіре алмай жүр – Ақтөбе

Жаңақоныстықтар баспанасына неге кіре алмай жүр – Ақтөбе

Ақтөбенің шетіндегі Жаңақоныс-3 ауылының тұрғындары өз үйіне қоныстана алмай жүр. Өйткені елдімекенде жарық пен жылудан бастап ішетін су да жоқ. Әкімдіктегілер жер телімін берген кезде инфрақұрылым тартылады деп уәде еткен. Соған сеніп үй салып алған жүздеген тұрғын енді сергелдеңде жүр. Ал жаңа баспанасына кіріп алғандары аязды күні қараңғыда бүрсеңдеп отыр. 

Бес-алты жыл бұрын жергілікті билік Жаңақоныс-3 ауылынан үш мың жер телімін бөлген. Содан бері 200 шаңырақ бой көтерді. Бірақ тұрғындар үйіне комуникацияның жоқтығынан кіре алмай отыр.

Ал отызға жуық отбасы амалдың жоқтығынан қыстап шығуға тәуекел еткен. Солардың бірі – Амангүл Тәжімова. Бала-шағасына газ баллонымен тамақ дайындап, анда-санда жарыққа бола генератор қосады. Шенеуніктердің газ кіргіземіз деген уәдесіне сеніп үйіне пеш те салмапты. Енді аязды күні қараңғы үйде бүрсеңдеп отыр.

Амангүл Тәжімова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Үй салқын. Киіммен жатамыз. Су жоқ, Газ жоқ. жарық жоқ. Генератор. Ол сынып қалса ерте жатып қаламыз. Майшаммен отырамыз.

Тұрғындар дайын тұрған жаңа қонысына кіре алмай жүргеніне ашынады. Жер телімін бермей тұрып комуникацияны реттемеген шенеуніктерге өкпелі. Енді қаңырап тұрған баспанасын ұры-қары тонап кете ме деп қорқады.

Еркін Үрбісінов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Шаршадық, ұят мынау. Міне, қара, үшінші учаскеде 200-ге таман үй дайын тұр. Бәрі үйіне кіре алмай отыр.Не істейміз? Жағдай қалай болады?

Күнжамал Сембетова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Газ, жарық жоқ, ұры көп. Қайта-қайта қарап кетеміз. Ұрлап кете ме, қақыратып кете ме деген қорқыныш бар.  

Ауыл Ақтөбенің Астана ауданы әкімдігіне қарайды. Бұған дейін ондағы басшылар жарықпен күзде жарылқаймыз деп кетіпті. Бұл жолы да жиналған жаңақоныстықтарға әкім орынбасары уәдені үйіп-төкті.

Алмас Жақсылықов, Астана ауданы әкімінің орынбасары:

- Келесі жылға жоспарда бар. Келесі жылы жұмыстар аяқталады.

- Бізге нақты айт, газ мынада болады деп...

- Биыл жарыққа қосыласыңдар. Келесі жылы газбен қамтыласыздар. Осы мәселе.  

Ауыл тұрғындары шенеуніктерге сенуден қалған. Өйткені газ тартуға жобалық-сметалық құжатты енді әзірлеп бітіріпті. Алда республикалық қазынадан ақша сұрау керек. Қаржы бөлінсе ғана жылу келеді. Ал судың жайы туралы әкімдіктегілер жақ ашпай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.