Жантүршігерлік жол апатынан тағы бір адам қайтыс болды – БҚО
Батыс Қазақстан облысында жантүршігерлік жол апатынан тағы бір адам қайтыс болды. Қайғылы жағдай кеше күндіз болған. «Лада» мен «Волга» көлігі бетпе-бет соқтығысып, үш бірдей адам оқиға орнында тіл тартпай кеткен еді.
Автор: Аруна Ортай
30.11.2020
Бүгін сол «Волганың» жүргізушісі көз жұмды. Ескі көлікте оның жалғыз өзі болған. Ал «Ладада» бес адам отырыпты. 31 жастағы жүргізушісі мен 50 және 52 жастағы екі жолаушысы оқиға орнында қайтыс болған. Тағы екі жолаушының өмірі үшін дәрігерлер күресіп жатыр. 27 жастағы қыз есін әлі жимаған. Ақ халаттылар оның жарақаттары ауыр дейді. Мәліметтерге қарағанда, апатқа «Волганың» 69 жастағы жүргізушісі кінәлі. Марқұм жоғары жылдамдықпен қарама-қарсы жолаққа шығып кеткен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!