{metadescription}
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер жалға беріледі
Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер жалға беріледі

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер жалға беріледі

Нұр-Сұлтанда жұмыс істейтін жастарға 350 пәтер жалға берілмек. Cатып алу құқығынсыз пәтерлерді алуға өтініш ертеңнен бастап 6-желтоқсанға дейін қабылданады. Ай сайынғы жалға алу ақысы 15000 теңге шамасында.

Баспана жастарға тек бес жылға жалға беріледі. Одан әрі қарай мерзімін создыруға болмайды. Бес жыл ішінде 350 пәтерде тұратын жастар қаражат жинап, өз баспанасын алуға әрекет етуі тиіс. Өйткені жобаға меншігінде баспанасы жоқ, ал банкте жинақтаған депозиті бар, 29 жасқа толмаған азаматтар қатыса алады. Құжат тапсырғандардың өтініші арнайы балл  жүйесімен бағаланады. Қажетті жеке мәліметтер Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің сайты арқылы онлайн қабылданады. Былтыр дәл осындай бағдарламамен 2 мың адам қоныс тойын тойлаған.

Арманай Қабдешова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі тұрғын үй қорының баспасөз хатшысы:

Соңғы алты айда жалақыңыз 111 мың теңгеден кем болмауы керек. Өтініш қабылдағаннан кейін электронды түрде бірден сіздерге құжат қарастыру мерзіміне байланысты смс жібереміз – «Сіздің өтінішіңіз жұмысқа қабылданды», «Түзету қажет», «Қарастырылудан бас тартылды».  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде