COVID-19 жұқтырғандар 131 мыңнан асып кетті
Елімізде қауіпті індет тағы 7 адамның өмірін жалмады. Бұл соңғы тәуліктегі статистика. Осылайша кеселден көз жұмғандардың жалпы саны 2 жарым мыңға жуықтады.
Автор: Салтанат Шырынхан
30.11.2020
Бір тәулікте 794 адам дендеген дерттің құрығына іліккен. Ал қос өкпесі қабынғандар саны тағы 43 жанға толықты. Аймақтағы ахуалда көш басындағы Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарындағы көрсеткіш көңіл көншітпейді. Өңірлердің әрқайсында 120-дан аса адамнан КВИ анықталған. Үшінші орындағы Солтүстік Қазақстан облысында 108 адам індет ілмегіне іліккен. Сөйтіп COVID-19 жұқтырғандардың жалпы саны 131 мыңнан асып кетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!