{metadescription}
Халықаралық әуежай: КВИ жұқтырған туристер. Депортация
Халықаралық әуежай: КВИ жұқтырған туристер. Депортация

Халықаралық әуежай: КВИ жұқтырған туристер. Депортация

Мысырдан кезекті бір турист коронавирус жұқтырып келді. Ал Минскіден мерзімі өткен ПТР анықтамамен ұшып келген Молдова мен Қырғызстан азаматы елден дереу депортацияланды. Өткен тәулікте Қазақстанға халықаралық 9 әуе рейсі ұшып келген.

Тоғыз рейспен келген 1169 жолаушының 960-да теріс нәтижелі ПТР анықтамасы болған. 209 жолаушыда  коронавирустың жоқтығын растайтын анықтама болмай шықты. Барлығы карантиндік стационарларға жатқызылып, сынама тапсырған. Арасында біреуінен вирус табылды. Жолаушы Мысырдан ұшып келген.

Минскіден ұшып келген Қырғызстан мен Молдованың азаматтары мерзімі өткен анықтамамен елге кірмек болыпты. Айласы аспай қалған олар Нұр-Сұлтан халықаралық әуежайынан әріге аса алмай еліне қайтарылды.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде