10 жылдағы шулы қылмыстар хроникасы – «Следствием установлено»
Соңғы 10 жылдықтағы атышулы қылмыстар хроникасы. Кешеден бастап арнамызда «Следствием установлено» атты бірнеше сериядан тұратын деректі фильм жүріп жатыр. Онда кісі қанын жүктеген қылмыстық топтармен күрес жүргізген полицияның ерлігі мен жедел әрекеті көрсетілген.
Автор: Мақсат Мәлік
01.12.2020
Деректі фильмнің «Красавица и чудовище» атты алғашқы бөліміндегі кадрлар. Қолына кісен тағылған қылмыскер 2008 жылы болған қанды оқиға жайында баяндап, кәсіпкер Георгий Бармин мен жас әнші Анна Шейдерді қалай өлтіргенінм айтуда. Сол кезде кәсіпкердің ұшты-күйлі жоғалғаны полицейлерді аяғынан тік тұрғызған. Көп уақыт өтпей қылмыстың беті ашылды.
Ертең фильмнің «Ловец душа» атты бөлімінде жиһадқа асыққандар жайында айтылмақ. 2008 жылы учаскелік инспекторды өлтіргендердің ісі неге үш жылға созылып кетті?
2-желтоқсанда сағат 16:30-да «Следствием установлено» фильмнің екінші бөлімін көріңіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!