{metadescription}
Семейде ерекше оқушыларға инклюзивті қолдау кабинеті ашылды
Семейде ерекше оқушыларға инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

Семейде ерекше оқушыларға инклюзивті қолдау кабинеті ашылды

Семейдегі ерекше білімді талап ететін оқушылар үшін таптырмас мүмкіндік. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Қамқорлық» жобасы аясында инклюзивті қолдау кабинеті ашылды. Мұнда әр балаға жеке-жеке көңіл бөлінеді және білікті педагогтар тартылған.

Семейде жаңадан ашылған инклюзивті кабинетке 8 миллион теңге бөлініп  күрделі жөндеу жүргізілген. Қазір мұнда  ерекше білімді талап ететін балаларға қажет құрал-жабдықтың бәрі бар. Педагогтар бастауыш сынып оқушыларының алғашқы легін қабылдады. Олар алдарына келген әр балаға жеке-жеке көңіл бөлуде.  

Эльмира Нұрашева, инклюзивті қолдау кабинетінің әдіскері:

- Он баланы қабылдадық. Біздегі арнайы мамандар тек он баламен емес, бүкіл мектептегі педагогикалық, психологиялық қолдау көрсету қызметін қоса атқарады. Педагогикалық, психологиялық қолдау қажет ететін, әсіресе тіл кемістігі, мінез құлқында ауытқуы бар балалармен түзету, дамыту жұмысын жүргізеді.

Оқушылармен жұмыс істеуге 16 білікті маман тартылған. Педагогтар арнайы курстан өткен. Мұндай қолдау, әсіресе үйде білім алатын мүмкіндігі шектеулі балаларға таптырмас мүмкіндік.

Ғалымбек Сұлтанов, Семей №36 жалпы орта білім беретін мектеп директоры:

- ҚР үкіметі, жергілікті әкімшіліктер, барлық құралдармен қамтамасыз етуге «Самұрық Қазына» АҚ қатысуда. Кабинеттің ашылуы еліміздегі 160 үйде оқып жатқан балаларға, жалпы білім беретін мектептерде құрбысымен білім алуға мүмкіндік беріп отыр. Педагог кадрларды дайындауға «Қамқорлық» қоры 336 педагогқа арналған білім министірлігінің дайындаған бағдарламасымен курстық дайындықтан өткізді.

Инклюзивті қолдау кабинеті еліміздің 16 аймағында ашылады. Науқас балаларға сегіз бейімдеу орталығын ашу жоспарланған. Бұл әлеуметтік жоба Елбасының бастамасымен Нұрсұлтан Назарбаев Қоры жанындағы «Қамқорлық» жобасы аясында жүзеге асырылып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.