{metadescription}
Нұрсұлтан Назарбаев қоры озық студенттерге стипендия береді
Нұрсұлтан Назарбаев қоры озық студенттерге стипендия береді

Нұрсұлтан Назарбаев қоры озық студенттерге стипендия береді

Алматыда жас ғалымдардың халықаралық онлайн-конференциясы өткізілді. Іс-шара «Қазақстан мемлекеттілігін Нұрсұлтан Назарбаевтың негізгі конституциялық қағидаттарына сәйкес бекіту - елдің табысты дамуының кепілі» деп аталады. Жиын Тұңғыш Президент күніне орай ұйымдастырылды. Оған Нұрсұлтан Назарбаев қоры жанындағы Ғылым жөніндегі кеңес мұрындық болды.

Жыл сайын жалғасын тауып келе жатқан шара биыл онлайн өткізілді.  Зерттеушілер өз жобасын ұсынып, түрлі саладағы өзекті мәселелерді талқылады. Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевтың елді саяси жаңғыртуға қосқан үлесіне ерекше тоқталды. Осылайша үшінші мыңжылдықтағы мемлекетіміздің мәдениеті мен руханиятына баға берілді. Өйткені Елбасының халыққа сіңірген еңбегі орасан. «Оның ішінде жастарға жасаған жағдайы мен көрсеткен қолдауын ұмытпаған жөн», - дейді ұйымдастырушылар.

Жанар Темірбекова, Нұрсұлтан Назарбаев қоры ғылыми кеңесінің мүшесі:

- Қандай да бір ел дамығысы келсе, алдыменен ғылым мен білім саласын дамыту керек. Ал оны қалай дамытамыз? Талантты жастарымызды ғылымды насихаттауға, ғылымның маңызын түсіндіру арқылы жүзеге асырамыз. Ғылыми кеңестің аясында жыл сайын ең озық деген 80 студентке қордың стипендиясы беріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде