{metadescription}
«Бектас-Қоныстағы» өртте үш адам мерт болды – Қызылорда облысы
«Бектас-Қоныстағы» өртте үш адам мерт болды – Қызылорда облысы

«Бектас-Қоныстағы» өртте үш адам мерт болды – Қызылорда облысы

Қызылорда облысындағы мұнай кенішінде төтенше жағдай. «Бектас-Қоныс» кен орнында тұтанған өрт үш адамның өмірін жалмаған. Жалын тұтанған жатақхана типті контейнерде отыз адам тұрған. Өрт қауіпсіздігін сақтамау дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Мың жарым шаршы метр аумақты шарпыған өртті бірден сөндіру мүмкін болмаған. Себебі, «Бектас-Қоныс» кен орнына ең жақын деген өрт сөндіру бекеті 149 шақырым жерде. Ал кеніштің өзі «Қызылорда-Құмкөл» тас жолының 108-ші шақырымында тұр. Төтенше оқиға жұмысшыларға арналған контейнер типті жатақханада болған. Онда отыз адам тұрыпты. Бес сағатқа созылған өрт кезінде үш адам жан тапсырды.

Талғат Уәли, ҚР Төтенше жағдай министрлігінің ресми өкілі:

Жатақхананың жалпы аумағы 2500 шаршы метр, 100 контейнер орналасқан. Оның 48-і өртеніп кетті. Өрт таңғы сағат 06:40-та сөндірілді. Оқиға орнында үш адамның мәйіті табылды. Алдын ала болжам бойынша 1967, 1985 және 1970 жылы туған жұмысшылар. Онда 30 адам тұрған. 27-сі 19 шақырым жердегі асханаға орналастырылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде